Музыкалық импровизация

lat: Mýzykalyq ımprovızasıaá

ө н е р. Шала жазылған ноталарды немесе музыкалық туындыны орындаушыншінің өз шығармашылығымен толықтыра отырып орындауы. ХV ғасырдағы м у з ы к а л ы қ и м п р о в и з а ц и я өнерінде даңққа ие болған француздың композитор-органисі Ф.Ландин болды. Поэтикалық импровизация. ө н е р. Ақын немесе жыршының алдын ала дайындықсыз берілген тақырыпта кенеттен жыр шығаруы. Қазақ ауыз әдебиеті туындыларының бізге белгісіз авторлары п о э т и к а л ы қ и м п р о в и з а ц и я ғ а шебер болған. Ежелгі дәстүр бойынша, жылдам әрі бөгетсіз өлең шығарып айта білмегенді халық ақын деп танымаған (ҚҰЭ).