Музыкалық эстетика

lat: Mýzykalyq estetıka

Музыканың табиғатын және оның көркемдік қасиетін зерттейтін ғылыми таным.

Музыкалық эстетика өмір шындығын музыкада бейнелеудің өзіндік тәсілі мен формасын да зерттейді (И.Жақанов, Екі жирен). Музыкалық эстетика өмір шындығын музыкада бейнелеудің өзіндік тәсілдері мен формаларын, музыкалық образдың сипаттары мен мәнін, музыкадағы әсемдік категорияларын, мазмұнмен түрді, объективтілік пен субъективтілікті, типтілік пен дербестікті, логика мен эмоцияны, мәнерлеушілік пен бейнелеушілікті зерттейді (ҚҰЭ).