lat: MİNÝ
Мін етістігінің қимыл атауы .
Саяхат программасы бойынша біздің осы пілдерге мінуіміз керек екен (Қ.Сатыбалдин, Қараторғай).
Жолдасы Саматтың ыңғайына қарады да, ескі мотоциклын мінуге берді (Б.Тоғысбаев, Алдыңғы.).
Жүйрікке міну – жігіттік ата салтында,
Жабулап күндіз, суытып қоңыр салқында.
Жаратушы едік қасқабас сонау қос атты,
Жал құйрықтарын малынтып кешкі алтынға (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).