МІНДЕТТІ

lat: MİNDETTİ

с ы н. Орындауға тиісті, борышты

Кекшіл көңіл өз ақылын індетті:

Айша сонда комсомолды кім депті?

Комсомол ол ғашық бола жүрген жоқ,

Қараңғы елге хат танытуға міндетті (Е.Ибраһим, Жас ғұмыр).

Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті (ҚР Конституциясы).