МІНЕ

lat: MİNE

<i>е с i м. Көз алдындағы затты нұсқайтын сілтеу есімдігі.i>

<i>Міне,i> осы уақытқа дейін сол үш адаммен баспахана түрлі махкамалардың заказдарын атқарып келді. Бұл баспахананың үлкен жұмысының біреуі қазақ тілінде бір газет басып таратпақ еді (Х.Досмұхамедұлы, Таңд. шығ.).

Мемлекеттен алған қарызы жоқ, ешкімге «жағдайымызды жақсартып бер» деп жалынбайтын электр жарығы үшін 30-40 мың теңгені артығымен төлейтін, Алла тағаладан «Береріңді тауыспа» деп шүкіршілік етіп, ата-баба салтын сақтап, балаларын тәрбиелеп, береке мен ынтымақтың үлгісін танытқан Тасарал ауылы, <i>міне,i> осын- дай («Жас Алаш»).

<i> Міне,i> біреуді уатып бере қойшы, міне, бір кісідегі алымсағым кетейін деп тұр, деп зыр ғып,әркімге бір жалынып жүр екен. Қартқожа аяп кетті (Ж.Аймауытов, Шығ.).