МІНЕ

lat: MİNE

е т. 1. Біреудің кемшілігін көрсету, сынау. 

Адам баласы қартайған шағында кейінгіге қашанда міней , шеней қарайтын пендешілік әдеті емес пе (С.Жүнісов, Ақан сері).

Сөйтiп сiздер жасап шығарған жоспарларыңызды жалпы кластың бәрiмiздiң кеңесiмiзге салып мiнеймiз, қырнаймыз, өзгертемiз, түзеймiз... дегеннен кейiн курсанттар сипаңдай, қипаңдай жымия қыдия қалам-қағаздарын, програмдарын алып, үйренiсiп, шүңкiлдесiп, бiрiнің бетiне бiрi қарасып, iске кiрiсе бастайды (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Біз, басқамыз, әр оқытушының өзімізше кемшілігін тауып, мінеп жатамыз (Ә.Нұршайықов, Махабб.).

2. Бір нәрсенің кем-кетігін алып түзеу, әдемілеу, әрлеу.

Сырмақ ойып едім, кей жерін мінеп берші, деп көршім келді (Ауызекі).