МІНЕ

lat: MİNE /167/

есім. 1 . Көз алдыдағы затты нұсқап көрсететін сілтеу есімдігі .


Күнәсіз, бейқам жас күнді

Сұрама менен, жоқтама.

Асауың, міне , бас білді,

Ауыздық сал да, ноқтала (1,159).


Міне , картам, Мынау менің көзірім,

Байқағайсың, нағыз тұздың өзімін.

Ұрып қалғын жерін тапсаң ұрымтал,

Жетер болса, Қалтаң менен төзімің (3,245).


2 . Осы сәтте, дәл қазір .


Тағы да, міне , таң атты,

Тағы да, міне , күн шықты.

Тағы да тірлік басталды.

Күрделі мына дүние,

Ойлантты небір бастарды (3,13).


Бәрін де қойшы... Қозы түс өтті аяулы,

Тал түс те кетті, бесін де міне таянды.

Мына жалғанда не қалар дейсің баянды,

Кезекпе-кезек бәрі де жылжып таяр-ды (3,185).