(мінез-құлық). 1, өжет, өркөкірек мінез. Адамның сыртқы ортамен байланысу үшін жасайтын әртүрлі қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды. Мінез — адамның негізгі өмірлік беталысын және оның өзіндіқ әрекетінің айыр- машылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол — көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосыңдысы, сонымен қатар адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындылығы, салмақтылығы — оның негізгі сапалары болып есептелінеді. Моральдық жағынан тәрбиеленген Мінез адамды айналасымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырады. Мыс., ұжымшылдық, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өзінің міндетін орындаудағы жауапкершілігі мен адалдығы т.с.с. Мінез адамның әрбір жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Адамның елеулі тұрақты психикалық қасиеттерінің жиынтығы, болмысқа деген оның қарым-қатынасынан көрінеді де, оның мінезі мен қылығына өз таңбасын түсіреді, бұл мінез деп аталады. Мінез — грекше (бір нәрсенің табы, белгі). Мінез — бұл, Б.Г. Ананьевтің пікірінше, тұлғалық қызығушьшықтармен, қажеттіліктермен байланысты болатын, оның ең тұрақты қатынастары. Қатынастың мінезге өтуі үшін оның адамның өмірлік көзқарасымен байланысы қажет. Мұның өзі өмірдің сапасын, тек толықтылығымен ғана емес, күшімен де анықтайды. Күшті мінез күшті ерікті де білдіреді. Өмірлік кедергілер тұлғаның мықтылығын анықтайды.