МІНЕЗДІҢ АКЦЕНТУАЦИЯЛАНУЫ

lat: MİNEZDİŃ AksentýasıaLANÝY

адамның әрекеті мен істерінде көрініс беретін мінез ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері. Мінездің акцентуацияланған типтері әртүрлі жағдайлардағы адамның қылығын анықтайтын, мінездердің басқа қасиеттеріне қарағанда жетекші орын алатын және басқа адамдармен салыстырғанда ерекше байқалатын мінездің типтік көрсеткіші. Мінез акцентуациясы К.Леонгардпен енгізілген ұғым. Ол жас өспірімдерде кездесетін мінез акцентуациясының тоғыз түрін көрсеткен.