lat: Mıfologıa
[грек. mithos – аңыз, грек. logos – ілім]зат. Мифтердің жиынтығы, миф туралы ілім .
Мифтердің реттелген жинағын мифология дейді (А.Машанов, Жер асты). Мифология адамдардың жаратылыс туралы түсінігіне негізделген («Қаз. әдеб.»).
2. Адамның өзін таныту құралы, адамның шығармашылық қабілеттерін айқындаудың ежелгі, мәңгілік бітімі .
Ертедегі мифологияда көбінесе дүние бейнесі туралы, оның бөлшектерінің шығуы туралы айтылған (Ор.-қаз. түс. сөздік. Философия).