lat: Mıgrasıa
[латын. migratio] зат.әлеум. 1. Халықтың бір жерден екінші жерге көшуі, қоныс аударуы.
Миграция – халықтың бір елдің өз ішінде көшуі немесе бір елден екінші елге көшуі (Саяси сөздік). Халықтың қоныс аударуының сипатына қарай миграция ішкі, демек, бір елдің өз ішіндегі және сыртқы халықаралық м и г р а ц и я деп ажыратылады («Білім және еңбек»).
2. зоол. Тіршілік жағдайының өзгеруіне байланысты жануарлар мен құстардың қоныс аударуы, басқа жерге баруы. Мақұлықтар өмірінде босу – миграция дейтін болады (Қ.Жұмалиев, Жайсаң жан.). Жыл мезгіліне қарай хайуанаттың және құстардың дүркін-дүркін бір жерден екінші жерге ауысып отыруын м и г р а ц и я дейміз (ҚСЭ). Қыста қорек таба алмайтын, суда жүзетін, насеком жейтін және басқа да көп құстарда маусымдық м и г р а ц и я пайда болған (Жалпы биология).
3.экон. Пайданың мол түсуін қуып, капиталдың бір елден басқа бір елге, өнеркәсіптің бір тарауынан басқа бір тарауына ауысқандық.
Капиталдың миграциясы Жапонияның өнеркәсібін қалпына келтіруге елеулі септігін тигізді (Жаңа тарих).