Халықтың бір елдің өз ішінде көшуі, орын ауыстыруы (ішкі миграция) немесе бір елден екінші елге көшуі, қоныс ауыстыруы (сыртқы миграция). Миграция мәселесі әлеуметтік: психология саласында зерттеуге алатын негізгі проблемалардың бірі. Адамның жануарлардан басты айырмашылығы, онда еңбек пен қоғам өмірі процесінде дыбысты тіл (звуковой язык) дамып жетілген. И.П.Павлов сөз тек адамға ғана тән жаңа сигналдар жүйесі болып табылатынын, оның шартты рефлекстерді қалыптастыруға негіз болатындығын көрсетіп берді. И.П.Павлов: «...сөз болса, болмыстың екінші арнаулы ерекше біздің сигнал жүйемізді құрды, ол бірінші сигналдың сигналы болады» ...ол ешбір теңдесі жоқ кең көлемде, жануарлардың шартты тітіркендіргіштеріне сан жағынан да, сапа жағынан да ешбір салыстыруға болмайтын өте күрделі тітіркендіргіш» деген еді .
Екінші сигнал жүйесі жануарлар дүниесінде болмайды. Жануарларда бірен-саран дыбыс реакциялары бар, бірақ бұл дыбыстарда ешқандай мағына жоқ, ол жай биологиялық қажеттің хабары ретінде шығып отырады. Сөйтіп, жануарлар тіршілігі үшін бірінші сигнал жүйесі бірденбір жүйе болып табылады. Екінші сигнал жүйесі адамдарға ғана тән. Бірақ адамдар мен жануарлардың сигнал жүйелерінің арасында сапалық айырмашылық бар. Егер адамдардың бірінші сигнал жүйесінің жүйкелік байланыстары қоғамдық қатынастарды бейнелейтін болса, жануарлар дүниесінде бұл биологиялық сипатта болады.
Сөз нақтылы тітіркендіргіш ретінде айтылу, естілу, жазылу немесе оқу формасында келуі мүмкін. Мәселен, біз «жылқы» деген сөзді еститін болсақ, миымызда жылқының әр түрінің бейнесі пайда болады. Мұнда біз үйдегі торы байталды ғана емес, басқа да жылқыларды елестетеміз. Сөйтіп, «жылқы» деген сөз жеке бір жануарды білдірмей, толып жатқан біртектес жылқы малының бейнесін туғызады. Өйткені бұрын біздің «жылқы» туралы хабарымыз болғандықтан, осы сөзді естігенде ол миымызда қайта жаңғырады. Сондықтан И.П.Павлов адамның басқа біреуден еститін не өзі айтатын сөздерін «сигналдардың сигналы» деп атаған. Бізге сөздің тек дыбысы ғана әсер етпейді, адамға ең алдымен оның мағынасы, мазмұны әсер етеді. Мәселен, маймылдар жиырмадан аса түрлі дыбыстар шығара алады. Бірақ бұл дыбыстар сигналдық қызмет атқара алмайды. Өйткені, мұндағы дыбыстардың ешқандай мағынасы болмағандықтан нақтылы тітіркендіргіштер ретінде тиісті жауап реакциясын туғызбайды.
Адамдарда екі сигнал жүйесінің қатарынан болуы адамға бейнелеу тәсілінің ең жоғары түрі тән екендігін көрсетеді. Адамның сөзі барлық нақтылы тітіркендіргіштердің орнына жүреді де, ол ми қабығында сан алуан қозулар мен тежелулер туғызады. Сөз тек жеке, жалғыз, нақтылы зат туралы ғана хабар беріп қоймай, толып жатқан біртектес заттарды да білдіреді. Сөз арқылы ой қорытындыларын жасауға, абстракті түрде ойлауға, түрлі ұғымдарды қалыптастыруға мүмкіндік туады. Екінші сигнал жүйесі (сөз) адамды тәрбиелеуге де, ұрпақтан ұрпаққа тәжірибе жинауда да зор маңыз алады. И.П.Павлов адамдардың сигнал жүйелері бір-бірімен үнемі тығыз байланысты, екініші сигнал жүйесі адамның тарихи даму процесінде туған және бұл бірінші сигнал қызметін реттеп, бақылап отырады деп тұжырымдады.
Адамның сигнал жүйелері дамудың, оқу-тәрбиенің барысында қалыптасады. Сөздік сигналдар адамның айналасындағы қоршаған дүниемен белсенді қарым-қатынас жасауының арқасында біртіндеп қорланып отырады.