МИКРОБИОЛОГИЯ

lat: Mıkrobıologıa

[грек. micros ұсақ, bios тіршілік, logos білім] зат. Микроағзалардың түрлерін, құрылысын, тіршілік әрекеті мен таралуын зерттейтін биология ғылымының саласы.

Микробиологияның ғылым ретінде қалыптасуы ХIХ ғасырдың екінші жартысынан басталады («Зерде»). Микробиология ғылымының негізін салушы ұлы ғалым Луи Пастер (Ж.Сұлтанов, Аурулар.). Микробтар жайында микробиология ғылымы қалыптасып, дамып келеді (Т.Таубаев, Жасыл әлем.).