МИЛЛИОН

lat: Mıllıon

сан. 1. Мың жердегі мыңға тең сан .

Толықсыған талма түстің шағында,

Ғарыштан тік нұр төгілген, жағылған.

Миллион көз бағып алтын күймені,

Миллион көз қуанышпен бағынған (4,10).


Ильичке мәңгілік қосылар,

Ильичтің миллион досы бар.

Жазушы, диқан мен жұмысшы,

Тағысын-тағылар осылар (1,112).


2. ауыс. Көп, мол.

Жарық дүние, жанарым менің жайнаған.

Жап-жарық неткен айналаң!?

Нұрыңа сенің миллион бояу ойнаған,

Құмартып кетер қомағай көзім тоймаған (2,17).