МИНИАТЮРА

lat: Mınıatúra

[итал. miniatura] зат.1.өнер. Ескілікті қолжазба мен кітаптарда кездесетін кішкене көлемді суреттер.

Ежелгі мысыр дәуірінен бастап ортағасырлық қолжазбалар суретті өрнекпен көмкеріліп, содан миниатюра атауы шыққан (ҚҰЭ).

2. өнер. Мейлінше әдемі, нәзік істелген сурет.

Бояуларды түсінудің өзіндік мәні бар шағын тобына миниатюра жатады (ҚҰЭ).

3.өнер. Металға, піл сүйегіне және т.б. нәзік етіп салынған шағын көлемді сурет .

Сурет өнеріндегі миниатюра үлгілері көрініс бейнесінің толықтығы жағынан ірі нұсқаға пара-пар келеді (Әдебиеттану).

4. әдеб.театр. Шағын көлемді очерк, әңгіме, пьеса немесе музыкалық шығарма .

С.Мұратбековтың «Менің қарындасым» атты тұңғыш жинағында шыққан миниатюралары ерекше тартымды («Қаз. әдеб.»). Ортағасырлық қолжазбалар көбінесе адам аттарының бас әріптері түріндегі миниатюрамен безендіріледі («Білім және еңбек»).