(Итал. miniatura) – көлемі кішілеу бірақ құрылысы күрделі, мазмұны бай, толымды көркем шығарма. Сурет өнеріндегі М, үлгілері көрініс-бейнелерінің толықтығы жағынан ірі нұсқаларға пара-пар келеді. Әдебиеттегі миниатюра мазмұнының сыйымдылығы, композициялық құрылысының ұтымдылығы, тиянақтылығымен көзге түседі. Қысқалау өлең-жырда, дастан-поэмада, ықшам әңгімеде көлемді повестке негіз боларлық мол көркем ой-сезім бар екенін аңғарамыз. Мысалы, Пушкиннің «Чадаев портретіне» атты өлеңін алуға болады. Ал қазақ әдебиетіндегі миниатюра үлгісі ретінде Абайдың. «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да» деген өлеңін атаған дұрыс секілді. Ахметов З.