МИНИАТЮРАЛЫҚ

lat: MınıatúraLYQ

сын. 1. Миниатюраға қатысты, соған тән .

Көрмедегі миниатюралық кескіндемелер ерекше көз тартады («Жұлдыз»). Кейін кіші көлемде жазылған, суреттелген барлық зат миниатюралық шығарма деп аталған (ҚҰЭ).

2. Көлемі шағын, ықшам.

Зерттеушілер бес жүзден астам көгершіндерге миниатюралық радиомаяктарды байлап, құстарды ұяларынан алыс жаққа апарып, ұшырып жіберген («Зерде»).