Мина

lat: Mına

минометтен және зеңбіректен атылатын оқ дәрі. Жаудың адам күші мен атыс құралдарын зақымдауға немесе онын бекінісін, құрылыстарын қиратуға арналады. Жарықшақты, жарықшақты-футасты және фугасты болып бөлінеді. Танкіге қарсы (салмағы 5-7 кг), жаяу әскерге қарсы (салмағы 75-200 г), транспортқа қарсы және арнаулы мина ретінде қолданылады.