Миокард инфаркті

lat: Mıokard ınfarkti

м е д и ц и н а л ы қ. Жүрек бұлшық етінің сығымданып, қатып қалуы. Темекі шеккен адамдарда м и о к а р д и н ф а р к т і с і жиі асқынып кетеді (Р.Сәтбаева, Гипертония.). М и о к а р д и н ф а р к т і деген терминнің «миокард» деген сөзі қазақша жүрек еті, «инфаркт» «инфаркцио» деген латын сөзі. Ол қазақша сығылысу, тығыздану деген сөз (Майрақбаев, Ескерм. ауру.).