lat: Mısıa
[лат. missio] з а т. 1. саяси. Белгілі бір мемлекеттің арнаулы мақсатпен шетелге жіберетін өкілдігіне тапсырылған міндеттеме.
Сіздердің миссияларыңыз – достықтың, көмектің, революциялық Кубамен саяси-экономикалық, мәдени, техникалық сауда қарым-қатынасын нығайта берудің миссиясы (Б.Момышұлы, ШЫҒ.). Бұл колонизаторлық-миссионерлік, шовинистік езгідегі ұлттарға тәуелсіздік алу мүмкіндігін беретін алғашқы ресми құжат еді. Ұлттар туралы декларация, шындығында да, өзінің тарихи миссиясын орындады («Жұлдыз»).
2.дипл. Басқа бір мемлекеттің үкіметі жанындағы елші басқаратын дипломатиялық өкілдік.
Әр елдегі өкілдік миссияны елшілер басқарады (Саяси сөздік).
3.дипл. Арнаулы мақсатпен басқа бір мемлекетке жіберілген делегация .
Достастық елдерге жіберілген әскери миссия өз міндетін абыроймен атқарды (ҚСЭ).