Миық

lat: Mıyq

Миығынан күлу. Дұшпанды жерді көргенде миықтан күліп қуанған (Жамбыл). Бұл сөз кейбір түркі тілдерінде мұрт мағынасында жұмсалады, башқұртша мыйык мұрт, мыйык астынан көлөу миығынан күлу. Құмықша да мыйыкьлар мұрт, чувашша «маиах мұрт». Миығынан күлу мен мұртынан кулу деген тіркестердің беретін мағыналары бір-бірімен синонимдес. (Ш. С.)