lat: MAÝSYM
зат. 1. Ай санаудағы мамырдан кейінгі жаз айы, жылдың алтыншы айы.
Қазақтар маусым айын Саратан жұлдызына, ал үнділер Зауза жұлдызына сәйкес деп есептеген (ҚСЭ). Маусым айында қала маңындағы орман ағаштарының сұлу көркі жер жаннатына ұқсайды (Ә.Шәріпов, Қапаста.). Маусым айы бастала сиырлы ауыл … улап-шулап жонға көшеді (О.Бөкеев, Шығ.). Мамыр өтіп, Келеді ертең маусымы. Көрінеді жатқандай боп тау сұлық. Сияқты бір сезінесің Балқумен Бара жатқан балауыздай таусылып! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).
2. ауыс. Жаз, жаздың басы.
Жан-жағы толы тау, суға,
Толы бір жүйрік атқа да.
Көйлегі жасыл маусымда,
Көздері болса қап-қара (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).