lat: MAÝSYM
зат. 1. Жылдың астрономиялық, синоптикалық белгілеріне қарай бірнеше айдан тұратын белгілі бір кезеңі, мезгілі.
Арқаның Сібірімен шектес алабында салқын қыраулы маусым басталса,
Бетпақдаламен шектес өңірінде күз күні әлі де шуақтап тұр (Ә.Көшімов, Жас аңшы).
Автодүкендерде белгілі маусымға сәйкес негізгі азық-түлік, тағы басқа товарлар сатылады, шопандардан аса қажетті бұйымдарға заказ да қабылданды («Қазақст. әйелдері»).
2. этн. Қандайда бір жыл мезгілінің табиғат құбылысына, амалға қатысты халықтың шаруашылығында, тұрмысында жүргізілетін жұмыстарға сәйкес кезең. Саулықтар күйектен өткен маусым мерзіміне байланысты бірнеше топқа бөлінеді (Шопан сырласы).
Күз тоқсан қыстық маусымы
Үдере тартсаң азбайтын,
Айсыз түнде адассаң,
Аулықнан жазбайтын
Аударып алды тарланды (Дулат Бабатайұлы, Замана.).
3. ауыс. Кезең, қайталанатын науқан.
Шырқау шыңым Шығармай жүр ме мені?!
Жыр маусымы Жылына бір келеді (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).