МАҢДАЙ

lat: MAŃDAI /54/

зат. 1. Бастың алдыңғы бөлігінің жоғарғы жағы. Болсам дағы тұңғышы, шөлдегені, Маңдайымнан иіскеп көрмеп еді. Өкіріп кеп аймалап, жылап жатыр, Тік көтеріп қойды да жерге мені (2,124). Көзіне Арман жас алып, Маңдайы шып-шып тершиді. Балауса егін бас алып, Бадана дәнін берсе игі (2,315). 2. ауыс. синекд. Бас. Іркілмей түсінер мән-жайға Ильичтей сезімтал жан қайда?! Қандай ой жатты екен сол сәтте Сонау бір сократ маңдайда? (1,114).