МАҢЫЗСЫЗ

lat: MAŃYZSYZ

сын. Мәні жоқ, құнсыз.

Қызғаныш демей сөзімнің артын,

Ақылмен ойлап, сұлуым байқа;

Мақтанға құмар маңызсыз қалпың,

Сүйсінтпес жұртты, жирентер қайта (Т.Шопашев, Жастық.).

Маңызы жоқ дүние.

Күнделікті өмір тақырыптарының жаманы жоқ та, үлкен-кішісі, маңызды, маңызсызы болады (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.).