lat: MAǴYNA
(ар. мағна معنى)
1. Мән, мағына, мазмұн.
Мұндай хақиы ғалымдарға қарсылық қылған молдалар ... аят қариғәнің мағынасын не деп береді екен? («Көкшетауда көргендерім», Айқап, 1914, №13).
Ей, тақсыр, баян қылшы, бұл не хикмат? Мағынасын түсіндірсең мәлім қылып («Әбуғалисина, Әбілхарис». Бабалар сөзі. 7-том. 2004. 100 томдық).
Оның да мағынасы қандай екен? Тыңдаймыз, – деп, – хикаят сөйлесеңіз («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).
2. Ауысп. Үлгі, өнеге.
Құп тыңлап бұ сөзімнен мағына алған, Көңіліне фаһим әйлап, қайғы салған («Қисса хазірет Жүсіп аләйһиссалам илән Зылиханың мәселесі». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).
Қырық күндей шариғаттан мағына үйретіп, Пайғамбар қайтпақ болды Мәдинеге («Қисса Зарқұм». Бабалар сөзі. 12-том. 2005. 100 томдық). Мағнауи – мағыналық, рухани, моральдық.