lat: MAǴYNASYZ
с ы н. 1. л и н г в. Лексикалық мағына білдірмейтін , мағынасы жоқ (сөздер).
Мағынасыз сөздерге шылау, демеу, демеуліктер, одағайлар жатады (I.Кеңесбаев,... Қазіргі қазақ тілі).
2. Түсініксіз, ұғымсыз.
Ғали Орманов қысқа өлеңге шеберленген ақынымыздың біреуі ғой. Оның өлеңінде мағынасыз, көріксіз сөздер аз болады (С.Мұқанов, Өсу жол.).
Болады кейбіреулер көз қаранды,
Ұғымсыз, мағынасыз сөз қаранды.
Үйретсең жаман әдет жастайынан,
Өскенде тия алмайсың өз балаңды (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
3. Жөн-жосықсыз, беталды.
Председательдің сөзіне мағынасыз бас изей салды (Н.Әбдікерімова, Сенім).
– Атың к.м? – деп, бүкірден бай сұрады,
– Атым, – Вадим, – деп еді, байға ұнады.
Қошеметтің жөні деп қос жалшысы,
Мағынасыз беталды ыржаңдады (А.Құнанбаев, Шығ.).
4. Мақсатсыз, мазмұнсыз, мәнсіз .
Өзгерт онда шабандықты.
Сен үшін бұл қиын іс пе соншалық?
Шабандықта қырсық жатыр қаншалық.
Біздер ұзақ, мағынасыз ғұмырдың іш пыстырар мінезінен шаршадық (М.Шаханов, Ғасырлар.).
Алуаштың көзіне жас үйірілді. Кірпігін қақса болды сау етіп төгілетінін білді де, терезеге мағынасыз қадалды (М.Қаназов, Жер кіндігі.).