МАДАҚТА

lat: MADAQTA

е т. 1. Біреудің ерлігін, еңбегін, өнерін, игі қылықтарын мақтап, көкке көтеру.

Бұл сапарда да халық Жамалды мадақтап , «екінші Сара мұнан шықты, енді мұнымен айтысарлық Біржан қайдан шығар екен» деп тарасты.Дулатов, Шығ.).

Нарым деп мадақтаймын мен де сені,

Қырандар аспанда емес, жерде өседі,

Түсінем, Димаш, қалқам сен болмасаң,

Кеудеме күн шуағы, енбес еді (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

Мазасыздық бұлты солай серпілді

Алас-күлес шаттық күйі шертілді.

Шадыман жұрт хан көтере мадақтап,

Патша алдына алып келді кемпірді (М.Шаханов, Ғасырлар.).

Құзғынға емес,

Қырандарға оқ аттың.

Тілі де бар,

Зілі де бар бұ хаттың.

Шалаларды шамырқана м а д а қ т а п ,

Даналарды сол арқылы мұқаттың! (Қ.Мырзалиев, Мәңг. майдан).

2. Елінің, жерінің т.б. қадір-қасиетін біліп, даңқын шығару, мақтан ету, мәртебесін көтеру .

Басқа өзеннің артық санап ағынын,

Басқа таудың мадақтайсың жауынын.

Өз жеріңді күнде көріп жүрген соң,

Мүмкін оның білмеуің де қадірін (С.Мәуленов, Алыс кет.).

Ал, ақын, ақтара гөр халқыңа сыр,

Бөле жырға, еліңнің даңқын асыр.

Бір отауы Отанның Қазақстан, іргесін көтергелі жарты ғасыр,

Сен соны мадақтай біл, даңқын асыр (М.Мақатаев, Шығ.).

3. Дәріптеу .

Махаббаттың мадақтап ашық күнін,

Күйлеріне түсірді ғашық тілін.

Ғасырларды шығарды сахнаға,

Ұмыттырып араның қашықтығын (С.Мәуленов, Алыс кет.).

Болашаққа жол тартқан

Бір шашау жоқ көшімде.

Өзің айтқан өсиет

Жаудың оғын қағатын

Қалқан болды төсімде.

Мадақтаған шындықты

Сөздерің мәңгі есімде.Әзірбаев, Таңд. шығ.).