lat: MAGISTRALDYQ
с ы н. Ең негізгі, тораптық.
Республикада өткен жылдың өз.нде ғана 214 мың киловатт жаңа қуаттар, қырық километр магистральдық жылу жүйелері, 16 мың километр электр сым линиялары іске қосылды («Соц. Қаз.”).
Бұған қоса ауылға баратын Шідерті магистральдық жүйелерін сақтап қалу және лиман аралықтарына су жіберіп отыру үшін жыл сайын 10-15 миллион текшеметр су шығарып, тазалау-сауықтыру жұмыстарын жүргізбей тағы болмайды (“Егемен Қазақстан”).
“Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса” демекші, екі шлюз – шүмекке: Майқайың стансасының түбіндегі №3 және №4 насос стансаларының арасынан шығатын Шідерті магистральдық каналының шлюз қақпасы мен Шідерті стансасының түбіндегі №1 плотина-бөгет гидроузелге қожайын Ертіс- Қарағанды каналы 1992 жылдан суға берілетін дотация көзі жабылғаннан бері суды тегін тоғытуды тоқтатып, судың әр текшеметріне баға қойды (“Егемен Қазақстан”).