мұнайды мердігердің құбырынан көліктің басқа түріне аудару, өңдеу немесе тұтыну орнына дейін тасымалдауға арналған желілік бөліктен және онымен іргелес жатқан жер үсті объектілерінен, коммуникациялардан, телебасқару мен байланыстан тұратын инженерлік құрылыс. Құрастырмалы коллектор режимінде жұмыс істейтін құбыр магистральдық құбырға жатпайды («Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350 ҚРЗ 1-бап)