МАГМАТИЗМ

lat: MAGMATIZM

з а т. г е о л. Жер қойнауындағы магманың пайда болуын сипаттай тын эндогендік геологиялық үдеріс .

Егер магма жер қыртысына енсе, интрузиялық магматизм немесе плутонизм, ал магмаава) жер бетіне төгілген жағдайда эффузивтік магматизм немесе вулканизм процестері байқалады (К.Сапарбайұлы, Геология.).

Эндогендік геологиялық процестерге магматизмнен басқа метаморфизмді, жер сілкінудің, жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарын жатқызады (К.Сапарбайұлы, Геология.).