lat: MAGNAT
[лат. magnatus] з а т. Алпауыт (мол байлық пен жердің, ірі өндірістің иесі).
Профессор Абе Хаккайдодан шыққан бір өндіріс магнатының баласы еді (С.Ерубаев, Менің құрдас.).
Президент бұдан бұрын да “Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін”, “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деді. Бұдан артық қазаққа қандай сөз керек. Әсіресе ел басқарып отырған әкімдер мен министрлерге, бизнесмендер мен мұнай магнаттарына іліп әкетер жолнұсқа осы емес пе? («Егемен Қазақстан”).
Ескі команда мүшелерінің арасында “жарты құдайға” айналған миллиардер магнаттар топырлап жүргені және белгілі (“Жас Алаш”).