lat: MAGNETIZM
[франц. magnetisme] з а т. ф и з. 1. Электр токтар арасындағы, ток пен магнит арасындағы және магниттер арасындағы өзара әсерлесу түрі.
Жалпы түрде магнетизмді қозғалыстағы электрлік зарядталған бөлшектердің арасындағы материалдық өзара әсерлесуд.ң формасы түрінде анықтауға болады (ҚҰЭ).
Австрия дәрігері Месмер (ХIII ғ.) магнетизмнің таңғаларлық емдік қасиеттері туралы айып, «жандар магнетизмі» деп аталатын термин енгізген (Т.Омаров, Күн. құбылыс.).
2. Физиканың денелердегі магниттік құбылыстар мен қасиеттерін қарастыратын бөлімі .
Электротехника мен магнетизм саласында зерттеу жұмысы да жүргізіледі (“Халық мұғ.”).
3. Магниттік құбылыстардың жиынтығы.