МАГНИЙ

lat: MAGNII

ат. magnezium] з а т. х и м. Жеңіл, күміс түсті, жұмсақ ақ металл.

Магний (Mg) химиялық элемент, рет нөмірі 12, массалық сандары 20-30 аралығында болатын 11 изотопы белгілі, тотығу дәрежесі +2. 1808 жылы ағылшын химигі Р.Рэви ашқан (Қаз. тілі термин. Химия).

Магний күміс тәрізді ақ түсті жылтыр металл. Таза күйінде жұмсақ және пластикалық зат (Қ.Нұрымбетов, Металл.).

Кейбір зерттеушілер ядро темір метеориттеріне ұқсас темір мен никельден құралған десе, ал өзгелері ядро да мантияға ұқсас темір мен магнийдің силикаттарынан тұрады деп санайды (К.Сапарбайұлы Геология.).