МАГНИТОМЕТР

lat: MAGNITOMETR

[грек. magnetis магнит, франц. metre өлшеу] з а т. ф и з. Магнит өрісінің сипаттамаларын және заттың магниттік қасиетін өлшейтін құрал .

Салмағы екі тоннадан астам ғарыштық аппаратта күрделі және өте көп ғылыми қондырғылар орналасады. Онда, атап айтқанда, бейне көріністерді жолдайтын жарықсүзгілерімен қамтыған камера, түрлі диапазондағы электромагниттік толқындар спектрін өлшеуіштер, планетааралық ұсақ бөлшектер мен ғарыш тозаңдары екпінін қадағалайтын аспаптар, магнитометр, радиолокатор, масс-спекторлар, басқа да аспаптар бар еді (”Зерде”).