МАЙ

lat: MAI

зат. 1. Малдың сүтінен, етінен алынып, тамаққа пайдаланатын тағам. «Не қасиет бар дейсің, осы күзде», Деп айтқаны әркімнің есімізде. Ет, майы мен тоқашын қолтықтап ап, Байлық, ырыс әкелген осы бізге (2,98). Физкультура сабағы өткен күні «желім ұстап қапты» деп қойдың майын шыжғырып отырғанын көретінбіз (4,129). 2. Техникалық құралдар мен құрылғыларға қажетті мұнай өнімдерінің жалпы аты. Құлақшынының алды артына теріс айналып кеткенін де байқамаған түрі бар. Кеңсірігіне май жұғып қалған (4,147).