lat: MAILY
с ы н. 1. Майы мол, майы көп. Қой сүті қою, м а й л ы болады (М.Ермеков, Қазақст.). Қоңыр домбыра алдарына дастарқан жайылып, м а й л ы қуырдақ пен қызыл күрең шай келгенде барып тыным алды (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті). Буы бұрқырап алдарына м а й л ы сорпа да келе қалды (Н.Ғабдуллин, Алғашқы.). 2. а у ы с. Құнарлы, жұғымды, шүйгін. Жер кезген, желмаямен Асан қайғы Қаратау жер екен деп жанға жайлы. Көтерсе ат сауыры жетер ме ед, Суы бал, жері шүйгін, шөбі м а й л ы, (Пернедегі термелер). Бұл үшеуі қара шұғадай м а й л ы топырақты сайдың жағасындағы бір адырдың үстіне кеп тоқтады (I.Есенберлин, Қаһар).Туырыла жыртылған тың дала, сол даланың м а й л ы қара топырағын уыстап қартаң қазақ тұр (Т.Ахтанов, Дала сыры). 3. а у ы с. Мол,берекелі. Өріс малды, дастарқан м а й л ы (Мақал-нама).