сын. 1. Май басқан, семіз. Бет кеудесін біреудің аңдап қалдым ондағы, Жалғасқан майлы мықынға анау қарны болғаны. Қос бүйірін қуалап салбыраған қолдары (5,147). 2. Май жұққан, май жағылған. Сен қандайсың? Қандайсың?! Майлы, майда шаңдайсың, Жұғып кетсең, қарамайсың, Алпыс айлалы аңдайсың. Адамдарды қармайсың, Өзгелерге ор қазып, Өз көріңді қамдайсың! (1,283). Белінде кісесі, басында тер сіңген жеңіл тақиясы, бұтында тізесі алға ұмтылған майлы тері шалбары бар (4,122).