lat: MAILYQ
з а т. Майлы нәрсені сүртетін орамал. Қарап жіберсе аузы м а й л ы қ п е н таңулы, қолдары артына қайырулы шалқасынан екі бүктеліп қыз жатыр (Ж.Аймауытов, Шығ.). Ет жейтін болса жұрттың бәрі бір орамалмен, бір м а й л ы қ п е н қолдарын, ауыздарын сүртіседі, бәрі жабыла бір табақтан ет жейді, бір аяқтан сорпа ішеді, есік жақта отырған бала-шағаға ет асатады (М.Дулатов, Шығ.). // Күнделікті қара шаруаға сырттан киетін (киім). Қап-қара күйе, батпақ жалаңаш етіне м а й л ы қ шапан киген, тұтқыштай мантышы, ұзын сирақты лағманшы гүж-гүж етеді (I.Жансүгіров, Шығ.). Бәрі де өзі секілді м а й л ы қ киімді, мылтық-қару асынып жүрген формалары көп әскерлерден айырып алғысыз (С.Шәріпов, Бекболат). //Май сүртетін. Алдына м а й л ы қ орамал жайып, отқа көмген нанды әкеліп турады (С.Мұқанов, Таңд. шығ.).