МАЙЫП

lat: MAIYP

[ар. معيوب ]: майып болды. Мертікті, кемтар болды, зақым көрді. Бөкені де түсінуге болады, ол қазір әлдеқалай м а й ы п болармын деп өз басынан қорқып тұрған жоқ-ау, бүкіл бір елдің намысын ойлап тұр (Қ.Жұмаділов,Тағдыр). Құтылды қалың қолдан ерлі-зайып, Зорығып талай тұлпар б о л д ы  м а й ы п, Солдаттар аты жүрмей келді қайтып, Жеткізбей кетті десті болып ғайып (Н.Ахметбеков, Амангелді).