lat: MAIYP
(ар. майұб معيوب)
1. Кемістігі бар, кеміс.
2. Жаралану, жарымжан болу, дене мүшесінен жан кету.
Құтылды қалың қолдан ерлі-зайып, Зорығып талай тұлпар болды майып («Есім – Зылиқа». Бабалар сөзі. 22-том. 2005. 100 томдық).
Майып болса басқа жақ, Беремін жаза айыптап («Төле бидің тарихы». Бабалар сөзі. 57-том. 2010. 100 томдық).
Судан бізді көтерген пірім ғайып, Ит мыстан ата-анамды қылған майып («Мұңлық-Зарлық». Ғашықнаме, 1976).