lat: MAKROELEMENTTER
з а т. х и м. Өсімдіктерге, басқа да тіршілік иелеріне өте қажет және едәуір мөлшерде болатын химиялық элементтер немесе олардың тотығы. М а к р о э л е м е н т т е р – өсімдіктердің толық қоректенуіне көп мөлшерде қажет химиялық элементтер (Қаз. тілі термин. Химия). М а к р о э л е м е н т т е р г е: азот, фосфор, күкірт, калий, магний, кальций, көміртек, оттек, сутек т.б. жатады (Қаз. тілі термин. Химия).