Сақтандыру жағдайы нәтижесінде сақтандырылған объектіге келтірілуі мүмкін зиянның максималды-бағалау көлемі, яғни мұндай жағдайлар болған кезде сақтандыру объектісінің толық жойылып кету мүмкіндігі немесе кез келген жағдайда зиян белгіленген көлемнен мысалы 50 немесе 75% аспайтыны анықталады. Аталған көрсеткіш өзінің сақтандыруға қатысу көлемін, жеке шегерімдер мен қайта сақтандыру көлемін белгілеу кезінде сақтандырушы үшін маңызды болып табылады. Көптеген сақтандырушылар мен қайта сақтандырушылар өздерінің тиісті сақтандыруға қатысуын сақтандыру сомасы бойынша емес, ПМЛ сомасы бойынша белгілейді.