lat: MAL
з а т. 1. Төрт түлік үй жануарлары. Бес түлік асыл м а л ы м бар. Есеп жетпес кенім бар, Толқыған теңіз, көлім бар, Адаспас ұлы жолым бар, Көзім тойды көрмеге, Көңілім тойды әрнеге (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). М а л үшін, ерім, қапа болмашы зар, Дүкенімде жүз кисе ақшалық мал. Ерім опат болғалы жабулы тұр, Мен берейін дәптерін, қолыңа ал (Бабалар сөзі). Өткен қыс шаруаға жеңіл болғандықтан, м а л күйлі, бие ішті болып, Көктал қыстаған Құрман деген атаның ауылы жылдағыдан жайлауға ерте шығып еді (М.Дулатов, Шығ.). 2. Жылқы. Үш жүз аттың бәрін де Қоңырбай қарап көреді. Көріп тұрып айтады: «Аққұла тұлпар кімдікі? Малдан біткен м а л емес, Желден біткен м а л екен (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). М а л жақсы жылқы деген күзеткенге, Қисық тал сымдай болар түзеткенде. Тықыршып бәйгі атындай тұра алмаймын, Сусылдап жел жағымнан қыз өткенде (Қара өлең). 3. Сиыр, сауын мал. М а л сауған қатындар, бие ағытқан қыз-келіншектер, асыр салған балалар мен ауыл іші базардай қайнап жатыр (Б.Майлин, Шығ.). 4. Бір нәрсенің пұлы, төлемі; қалың мал. Баймағамбет сөйледі: Өй деп таспа, батырым! Зылиқа – менің м а л беріп Сатып алған қатыным (О.Шипин, Дастан.). Қыздың берген жауабы: – Құдай не үшін жаратқан, Емес пе екен қыз пенде? Мен жыламай қайтейін, Сақал-мұрты қуарған, Көз жанары суалған Баймағамбет деген шал Айттырып мені м а л берді (О.Шипин, Дастан.). 5. а у ы с. Табыс, дүние, мүлік, дәулет. «Ақтабан шұбырынды» замандағы Болып тұр осы кезде соған таяу. Мінбейтін шабан атқа мырзалардың, Қайғы емес шоқайына кірген сояу, М а л, мансап қадақтағы екі нәрсе Секілді болып кетті оңғақ бояу (Ә.Найманбаев, Шығ.). Еңбексіз тапқан м а л есепсіз кетер (Мақал). Жақсылық бір жаққа барып, еңбек қылып м а л табамын десе, бай өз шаруасының бір керегіне жаратам деп босатпай қоятын (М.Әуезов, Қараш.). Тыныш жатып, көзін сатып біреуден тіленбай, жанын қарманып, адал еңбекпен м а л іздемек, ол арлы адамның ісі (Абай, Тол. жин.). Орысша оқу керек, хикмет те, м а л да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста зор (Абай, Тол. жин.). 6. а у ы с. Надан, топас, милау кісі. Бәрімізді м а л ғ а санады. Жұрт көзінше ішкілікке салынды, семьясын бұзды, бейқамдық жасады (Е.Оразақов, Дәрігер.). Мұны естіп Амангелді айқай салды, Қоныстас бар кедейді жиып алды, Кедейдің кереметін көрсін деді, Шіреніп үйде жатқан Бектас м а л д ы (О.Шипин, Дастан.).