МАЛ

lat: MAL

е т. 1. Затты сұйық заттың ішіне салып батыру. Бастапқы кезде баланы шомылдырып не аяғын м а л ы п отыратын судың температурасы 3 градус болады (С.Нұрғожаев, Бала ауруы.). Ол дауысын нығырлаңқырап, қантты шайға м а л ы п сорып қойды (I.Жансүгіров, Шығ.). Қазан шала қайнай бастаған кезде-ақ, Дәметкен қуанған кескінмен ожауды м а л ы п жіберіп, сорпаны іліп алды да, шетінен үрлей ұрттап, дәмділігі тілін үйірген сияқтанған соң, қылқ еткізіп жұтып жіберді (С.Мұқанов, Аспаз). 2. Сүңгу, шомылу. Ақ қанатын сабалап, асыр салып, Бірде суға сүңгиді басын м а л ы п. ...Ойнасыншы, ойнасын ерке құстар, Тыныштығын олардың қашырмалық, Мерген отыр жағада. Ей, ақша бұлт, Жаулығыңмен оларды жасыр барып (М.Мақатаев, Шығ.). 3. а у ы с. Бір нәрсенің шамадан тыс көп болып жайылуы, қаптауы. Қанжардай қанға м а л ғ а н ұзынша қақ. Батыс жақ нұр лаулатып, Жер Күнді қызылшақа Батырды құмға аунатып (Т.Айбергенов, Мен саған.). Түн ақ сүтке м а л ы п алып қанатын, Андаанда жұлдыз ғана ағатын. Ай сәулесі арасынан теректің Екеумізді оңай тауып алатын (Т.Молдағалиев, Шақырады.). Кесіп қурай шебер қолмен, Қойшы әнге салады енді: Өзен бойын сүйіспендік Жырына ол м а л а д ы енді (О.Шипин, Дастан.).