lat: MAL
(пар. мал مال)
1. Байлық.
Дүние-мал – байлық.
Ләззаты бұ дүниенің табылған соң, Мен бездім ғашықтықпен дүние-малдан («Қисса үш қыз». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық).
Татпайды дүние малын әулиелер, Бізлерге дүние малы харам, – деді («Нұғыман – Нағиманның қиссасы». Бабалар сөзі. 20-том. 2005. 100 томдық).
2. Дүние, мүлік.
Инғам-ихсан бұларға көп қылыпты, Қазынадан бірқатар мал беріпті («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).
Елге нағып хан сенсін Атасын шапқан шулатып, Қызыл қанын сулатып, Мал жиһәзін талатып Талайда жыртқан жағасын («Исатай-Мақамбет». Дастандар, 1960).
Мал-мүлік [мүлкәт] – дүние-мүлік.
Бұлан-талан, мал-мүлкі, Алтын-күміс-бәрін де алған («Батыр Жәнібектің өлеңі». Бабалар сөзі. 56-том. 2009. 100 томдық).
Сейіттің заһир болды сахилығы, Қалмады һеш артында мал - мүлкәты («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық).
3. Ақша.
Кәсіп қылып, жанын жалдап мал табатын, һәр түрлі жаяу - жәмшік кедейлер бар («Қисса үш қыз». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық).
4. Үй хайуанаттары.
Сүлейменнің малының қисабы жоқ, Бек данышпан кісі еді ақылы көп («Хикаят Сәлімжан». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық).
Көштерін бастап алып келіп Шөгірлінің бір жақсы жеріне қондырып, малдарын бағып, ойын-тамаша билән жата берді («Хикаят рисала Мұңлық, Зарлық». Бабалар сөзі. 52-том. 2008. 100 томдық).
Жігіттер келді айдап алған малды , Басқадан бір өзіңнен кеулім қалды (Айман-Шолпан. 1987). Ернекке отау тіктіріп, Мал семізін сояды («Ер Қосай». Ақсауыт. ІІ том. 1977).
Малхана – мал ұстайтын орын, қора.