МАЛЫНТ

lat: MALYNT

е т. Нұрға бөлеу, нұрландыру. Күн айналасын түгел өзгерткендей қызыл жалынға көкжиекті м а л ы н т ы п, алауратып тұр (С.Мыңжасарова, Қыр қыз.). Жүйрікке міну жігіттік ата салтында, Жабулап күндіз, суытып қоңыр салқында. Жаратушы едік қасқабас сонау қос атты, Жал-құйрықтарын малынтып кешкі алтынға (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). // Молынан көмкеріп. Мен топқа бармастан құланы қыдыртып бөлек жүрдім. М а л ы н т ы п жауып тастаған аттар баршылық («Мәдениет және тұрмыс»).