lat: MAMAN
з а т. 1. Ғылым мен техниканың, мәдениет пен өнердің, шаруашылық саласының бірін кәсіп еткен қызметкер. М а м а н д а р д ы ң негізгі міндеті – өздеріндегі арнаулы кәсіби даярлық негізінде жекелеген өндірістік, әлеуметтік немесе басқарушылық мәселелер бойынша шешімдердің нұсқаларын, ұсыныстар әзірлеу, қорытынды жасау және орындау (ҚҰЭ). Колхоз жанынан түрлі м а м а н д а р дайындайтын курс ашады да, жұмысқа жарайтын әйел, еркектерді оқытып, әрқайсысына мамандық әпереді (З.Шашкин, Өмір.). Съезд өткеннен кейін бір айдан соң халық ағарту органдарының басшы және м а м а н қызметкерлері бас қосқан облыстық кеңес шақырылды («Қазақст. мект.»). 2. Қайсыбір істі егжей-тегжейлі білетін қызметкер, белгілі бір мамандықтың өкілі. Iзденсе дизайнның м а м а н ы әлі Табылар үй сәндеудің сан амалы. Ол айтса, сары түс пен көгілдір түс Бояудың көңілдісі саналады (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). Ақлима қатардағы жұмысшыдан өз ісінің шебер м а м а н ы дәрежесіне дейін көтерілді («Қазақст. әйелдері»). 3. э к с п р. м ы с қ ы л. Шебер, алдына жан салмайтын адам. Iшіп жүрміз, Жеп те жүрміз. Жеу жағына м а м а н б ы з. Жерде жүрміз, Көкте жүрміз, Жүрміз, шүкір, аманбыз! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).