lat: MAMANDYQ
з а т. т е р м. <лат. professio> 1. Жеке бір адамның арнайы жоғары не орта білім алуы негізінде белгілі бір кәсіпті игеріп, сол сала қызметінде шеберлігін қалыптастырған түрі. Ғалияның техникумнан алған білім м а м а н д ы ғ ы – мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесі (Ж.Тілеков, От кешу). Мәнерлі сөйлей білудің мұғалімдік м а м а н д ы қ үшін маңызы зор (К.Жарықбаев, Психология). 2. Қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы. М а м а н д ы қ қызметкер еңбегінің бүкіл шеңберін қамтығанда ол кәсіп ұғымына сай келеді (Қаз. тілі термин. Экология). Алып ұшқан қыз қиялы, сірә, тыным тапқан ба? Бірде колхоз клубында диспут болып жатқанда: Алматыдан өкіл келді, желке шашы бір қарыс Аты – Оралхан, м а м а н д ы ғ ы – жазушы әлде журналист (М.Шаханов, Ғасырлар.). 3. а у ы с. Шаруа, айналысатын іс, ермек. Көп жақсылық жасадым көрінгенге, Маған сондай м а м а н д ы қ берілген бе? (М.Мақатаев, Шығ.). Ойлайтыным – жарымның амандығы. Одан қымбат ару жоқ маған бүгін. Мені сүйіп, Кез келген шүйке бастан Жаман шалын қызғану – м а м а н д ы ғ ы (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).