МАМЫР

lat: MAMYR

зат. 1. Көктемнің соңғы айы; май. Сырласайық, Қызғалдақты иіскеп, бір жасайық, Қыр басайық, Әмсе бұлай мамырдың тұрмас айы. Мұңдасайық. Қос көңілдің пернесін бір басайық (2,94). Мына бір келген мамыр ма?! Мамырла, дала, мамырла. Арқаңды төсеп жауынға, Дамылда, тірлік, дамылда (3,175). 2. ауыс. Жастық шақ, жастық. Танысайық, Сенде мамыр, ал менде ағұс айы. Табысайық. Сенде шырын, менде дән ауысайық? Ауысайық, Шырынын да, дәнін де тауысайық (2,95).